Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Диетолог және эндокринолог Алена Барредо нанның бүкіл түрінен бас тартқан адамның ағзасында қандай өзгерістер болатынын айтты.
Маманның айтуынша, нан – көмірсу алмасуға теріс әсер етіп, инсулинорезистенттік шақыратын жылдам көмірсу.
"Мүлде нан жемейтін адамда инсулин мен глюкоза азайып, көмірсу мен липид алмасу қалпына келеді. Сондай-ақ триглицеридтер (майлар) мен жаман холестерин төмендейді. Ішекте патогенді бактериялар мен саңырауқұлақшалардың өсуі баяулайды", — деп мәлімдеді дәрігер.
Сондай-ақ Барредо кебек пен жасұнығы бар тұтас дәнді нан ең пайдалы өнім саналатынын айтты.