Дәрігерлер ескертеді: Ұзақ жүгіру денсаулыққа қауіпті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлер ескертеді: Ұзақ жүгіру денсаулыққа қауіпті

Дәрігерлер ескертеді: Ұзақ жүгіру денсаулыққа қауіпті

Негізінен жүгіру денсаулыққа пайдалы деген ұғым қалыптасқан. Ол салмақты, қан қысымын бақылауға көмектеседі, күйзеліс, холестерин көрсеткіштерін төмендетеді. Алайда соңғы зерттеулер бұған кері пікірлер айтуда, деп жазады Health Day.

  • 4 Сәуiр 2014
  • 512
Фото - Caravan.kz

Иә, жүгірудің маңызы зор. Ең оңтайлы режім — 1 -2,5 сағат баяу екпінмен жүгіру (аптасына барлығы 2-3 рет жүгіру). Ал мүлдем жүгірмейтін және марафонға қатысатын жүйріктер орташа режімі барларға қарағанда аз өмір сүретін көрінеді.

Доктор Мартин Мацумура  3800 желаяқтардың (орташа жасы — 46 жас) деректерін талдаған . Олардың 70 пайызға жуығы аптасына 32 шақырым жүгіреді. Мамандар тәжірибеге қатысқан жүйріктердің жүрек қызметі нашарлауына байланысты тыныштандыратын дәрі пайдаланғаны және жүректі қорғайтын аспирин қабылдағандары туралы ақпараттар тапқан.

Ал ұзақ жүгіру денсаулыққа қауіп төндіріп, қартаю үрдісін жеделдетіп, ағза қызметін нашарлатады екен.