Дәрігерлерді баспанамен қамтымай кадр жетіспеушілігі проблемасын шешу қиын - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлерді баспанамен қамтымай кадр жетіспеушілігі проблемасын шешу қиын

Дәрігерлерді баспанамен қамтымай кадр жетіспеушілігі проблемасын шешу қиын

Дәрігерлерді баспанамен қамтымай кадр жетіспеушілігі проблемасын шешу қиын .

  • 28 Қаңтар 2014
  • 515
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Миинстрі Серік Ахметовтің қатысуымен өткен  Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Салидат Қайырбекова айтты.

Оның атап өтуінше, өткен жылы қабылданған шаралардың арқасында жұмысқа орналасқан медицина мамандарының саны 2721 адамға дейін артқан. Дегенмен, жергілікті жерлерде жас маманға жағдай жасамай нәтижеге қол жеткізу өте қиын. Мәселен, Ақмола облысында өткен жылы дәрігерлерге 49 пәтер бөлінсе, Алматы мен Астанада мүлдем берілмеген. Ал Атырау мен Жамбыл облыстарында тек бір-бір пәтерден ғана бөлінген. Сондай-ақ республиканың 7 өңірінде, атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Солүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды  облыстарында ғана  баспана сатып алуға несие қарастырылған.

«Сондықтан да бұл мәселерді шешпейінше кадрлардың жетіспеушілігі арта түседі және бұл ретте біздердің бірлескен күш-жігеріміз қажет», — деді С.Қайырбекова.