Дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға дейін екі есеге өседі - министрлік - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға дейін екі есеге өседі - министрлік

Дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға дейін екі есеге өседі - министрлік

1 қаңтардан бастап дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 30%, орта медициналық қызметкерлерінің еңбекақысы 20% өсті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова айтты.

  • 13 Қаңтар 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

«2019 жылдың қаңтар айында Елбасының тапсырмасымен дәрігерлердің ең төменгі жалақы мөлшері бір жарым есеге — 28 мыңнан 42 мың теңгеге өсті. Сонымен қатар, өткен жылдың маусым айында медициналық қызметкерлердің жалақы мөлшері тағы 30% өсті. Президенттің 19 маусымдағы бұйрығына сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 30%, орта медициналық қызметкерлер еңбекақысы 20% өсті», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова министрлікте өткен жиында.

Жалақы Тегін медициналық кепілдендірілген көмек шеңберінде және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігіне байланысты есептеледі.

«Сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және қызмет жеткізуші арасында келісімшарттар жасадық. Алдағы уақытта ұжымдық келісімшарттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі деп күтілуде және медициналық қызметкерлерге жалақының уақытылы берілуі қоғамдық бақылауға алынады. 2023 жылға дейін дәрігерлер жалақысы кем дегенде екі есе өседі», — дейді ол.


Соңғы жаңалықтар