Дариға Назарбаева Білім министрлігінің 2020 жылға қарай 1 млн астам баланы балабақшада орынмен қамтамасыз ету жөніндегі болжамына күдік келтіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дариға Назарбаева Білім министрлігінің 2020 жылға қарай 1 млн астам баланы балабақшада орынмен қамтамасыз ету жөніндегі болжамына күдік келтіреді

Дариға Назарбаева Білім министрлігінің 2020 жылға қарай 1 млн астам баланы балабақшада орынмен қамтамасыз ету жөніндегі болжамына күдік келтіреді

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Білім министрлігінің 2020 жылға қарай 1 млн астам баланы балабақшада орынмен қамтамасыз ету жөніндегі болжамына күдік келтіреді.

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 296
Фото - Caravan.kz

«Министр өз баяндамасында атап көрсеткендей, 2016 жылға қарай балабақшаларда 82 мың жаңа орын пайда болады, ал 2020 жылға қарай 3-6 жас аралығындағы миллионнан астам адам мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Көңіл көншітерліктей естіледі, бірақ 2012 жылы балабақшаларда 606 мыңға жуық бала болды, 450 мың бала кезекте тұр», — деп ол бүгін Астанада үкімет отырысында атап көрсетті.

"2016 жылы тағы 82 мың жаңа орын пайда болады. Бұл министрліктің бізге 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін үш жыл ішінде балабақшаларда 312 мың жаңа орын енгізуге уәде беріп отырғанын білдіреді. Сену қиын, бұған министрдіңөзі де сенбейді деп ойлаймын. Бұған демографиялық өсімді қосыңыз. «Балапан» бағдарламасы шынайы өмір көшінен үмітсіз артта қалып бара жатқаны аян және мемлекеттің бұған өзінің шамасы келмейді», дейді депутат.

Н.Назарбаева бұл бағдарламаны жүзеге асыруды қаржыландыруға бөлінген қаржы қомақты емес. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік көмектеседі деген үміт болған, алайда жеке әріптес асығар емес. Мемлекетпен келісімшарт құруға кезекте тұрған ешкім жоқ, өйткені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі соңына дейін пысықталмаған. Рәсімдеу тәртіптемесі күрделі, бас қатырарлықтай, дейді депутат.