«Әкімшілендіру, реттеу жүйесін түбегейлі өзгерту қажет деп ойлаймыз. Яғни, кәсіпкерлер жұмысын реттейтін ережелерді әзірлеуді әкімдіктерге жүктеп қоюға болмайды», — деді Д.Назарбаева сәесенбі күні мәжілістің мәдени-әлеуметтік даму жөніндегі комитетінің көшпелі отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі таңда әкімдіктерге «шектен тыс өкілеттік» берілген. «Олар жергілікті жерде көптеген мәселелерді өз бетінше шше алады. Меніңше, әкімдер де бұған қарсы емес. Ал, республикалық органдар, яғни, министрліктердің жұмысы «тежелген»… Министрлер біздің бұған қатысымыз жоқ, ол әкімдердің қолында дегенді айтады», — деді депутат.
Оның ойынша, «үкіметтің алдына: аймақтардағы бизнесті дамытуға нақты қай министрлік жауап беруі тиіс?» деген мәселені қою қажет.
«Индустрия және сауда министрлігі ме? Сауда дегеніміз – базарлар ғой. Ол әрине, аталған министрліктің құзырында болуы тиіс. Дұрыс емес пе? Аймақтық даму министрлігі бірінші кезекте өңірлердің дамуына, әр аймақта салықтық базаның өсуіне, әкімдердің орталықтан дотация сұрап, қол жаймауына мүдделі болуы тиіс», — деп қосты депутат.