«Дармасива Индонезия» бағдарламасы бойынша қазақстандық студенттерді қабылдау басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Дармасива Индонезия» бағдарламасы бойынша қазақстандық студенттерді қабылдау басталды

«Дармасива Индонезия» бағдарламасы бойынша қазақстандық студенттерді қабылдау басталды

Индонезия Республикасының Қазақстандағы Елшілігі 2015-2016 оқу жылдарына «Дармасива Индонезия» стипендиялық бағдарламасы бойынша қазақстандық студенттер арасынан үміткерлерді қабылдайды, деп хабарланған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында. 

  • 2 Ақпан 2015
  • 429
Фото - Caravan.kz


Аталған бағдарлама Индонезияның жоғары оқу орындарында жергілікті тілді, өнер, ән және қол өнері туралы білім алуға, екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік бермек.

Бағдарлама шығындары (барып қайту жол ақысы, жатақхана, стипендия) индонезиялық тарап есебінен өтелетін болады.

Стипендиялық бағдарламаға қатысуға ниет білдірген үміткерлер үстіміздегі жылдың 26 ақпанына дейін Индонезия Республикасының Қазақстандағы Елшілігіне мына мекен-жай бойынша хабарласуы қажет: 010000, Астана қ., Сарайшық көшесі 26/1, Дипломатиялық қалашық.

Толық ақпаратты 8(7172)79-06-70 байланыс нөмірі арқылы алуға болады.