Дауыл салдарынан Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дауыл салдарынан Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Дауыл салдарынан Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Алматы. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Дауыл салдарынан кеше Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "АлматыЭнергоСбыт" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 16 Шiлде 2008
  • 383
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күн райының оқыс мінезінен жоғары кернеулі желі мен кабельге ақау келді. Сонымен бірге «Таугүл» ықшамауданына жарық беретін №147 және «Таулы қырат» ауылына жарық беретін №131 тораптық станцияларда апат болды.

«Бүкіл қала бойынша жарық үзілді. Күн райынан Медеу, Бостандық, Алмалы, Әуезов, Түріксіб аудандары зардап шекті. Жарық сағат 21.16-да үзілді. Әуезов ауданында электр қуаты сағат 00.17-де, ал қала бойынша ең соңында 4.36-да берілді», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Электр қуатының болмауы салдарынан көптеген аудандарда көшедегі жарық, бағдаршамдар, үйлер мен басқа да нысандар жарықсыз қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті