ДДСҰ: Эбола вирусын жұқтырғандар саны 23 мыңнан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДДСҰ: Эбола вирусын жұқтырғандар саны 23 мыңнан асты

ДДСҰ: Эбола вирусын жұқтырғандар саны 23 мыңнан асты

Дүниежүзілік денсаулық сатау ұйымының дүйсенбі күні таратқан мәліметіне сүйенсек, Батыс Африкада 13 ақпаннан бері Эбола вирусынан көз жұмғандардың саны 100 адамға артып, 183 адам індетті жұқтырған. Бұл туралы ТАСС жазады.

  • 17 Ақпан 2015
  • 226
Фото - Caravan.kz

Эпидемия басталғаннан бері Гвинея, Либерия, Сьерра-Леоне елдерінде 9 353 адам көз жұмып, 23 182 адам ауруды жұқтырған.

Либерияда 3900 адам қайтыс болса, 9007 адам инфекцияланған. Сьерра-Леонеде 3401 адам көз жұмып, 11074 адамға індет жұққан. Гвинеяда 3101 адам қайтыс болып, 2052 адам вирусты жұқтырған.

Эбола вирусына шалдығу  Мали, Нигерия, Сенегал, Испания, Ұлыбритания, АҚШ елдерінде де кездеседі. Алайда бұл аймақтарда індетті жұқтырғандардың саны 10 адамнан аспайды. Тек Нигерияда ғана 20 адам вирусты жұқтырып, 8 адам қайтыс болған.