ДДҰ коронавирустан өлім көбейетінін ескертті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДДҰ коронавирустан өлім көбейетінін ескертті

ДДҰ коронавирустан өлім көбейетінін ескертті

Коронавирустан қайтыс болғандардың деңгейіне қатысты үндемей отыруға болмайды. Жұқтырғандар саны көбейген соң қайтыс болатындар саны да артады.

  • 15 Қазан 2020
  • 312
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ДДҰ бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сарапшының айтуынша, қазір дүние жүзі бойынша интенсив терапия бөлімінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны артып жатыр. Маман қайтыс болғандар өсімі жұқтырғандардан бірнеше апта кейін жүретінін ескертті.

"Дүние жүзі бойынша өлім күніне 5000 жағдайға дейін төмендегенде (сәуірде бұл көрсеткіш 7500 жағдайға жеткен — ред.), біз үндемей отырмауымыз керек", — деді Сумья Сваминатан.


Агенттік мәліметінше, пандемия басынан бері дүние жүзінде 38 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған, 1,1 миллион науқас қайтыс болған.

Соңғы жаңалықтар