«Декреттік» демалысқа кеткен мектеп мұғалімі жұмысынан айырылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Декреттік» демалысқа кеткен мектеп мұғалімі жұмысынан айырылып қалды

«Декреттік» демалысқа кеткен мектеп мұғалімі жұмысынан айырылып қалды

Түркістан облысында төрт баланы өмірге әкелген мектеп мұғалімі аяқ астынан жұмысынан айырылып қалды.

  • 26 Сәуiр 2019
  • 76
Фото - Caravan.kz

Жүктілігіне байланысты демалысқа кеткен ұстазды мектеп директоры қызметінен шеттетіп жіберіпті. Ал еңбектен қол үзіп қалған қарындасына көмекке келген ағасы да әлгі директордың ықпалымен жұмыстан қуылған. Бүгінде 3-ші топтағы мүгедек енді туған ауылынан алыстап, өзге елді мекенге қатынап жұмыс істеуге мәжбүр.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.  

Сотқа барсаң сотқа барамын, отқа барсаң отыңа да барамын деп қорқытты. Егер менің айтқанымды істемесең жұмыстан шығарып жіберуге де жетемін деді бұл кісі". 

Мақпал Самаликова Түркістан маңындағы Құмтиын ауылында мектепалды даярлық тобында бес жылдай тәрбиеші болып жұмыс істепті. Ал 2017жылдың 2-ші желтоқсанында мектеп басшысы оны еңбек шартынсыз, ауыстыру туралы бұйрық шығармай ауылдағы балабақшаға жұмысқа жіберген екен. Ол кезде келіншек жүктілігіне байланысты еңбек демалысында жүріпті. Ал, оның орнына директордың бұйрығымен басқа адам алынған.

МАҚПАЛ САМАЛИКОВА, ҚҰМТИЫН ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БҰРЫНҒЫ МҰҒАЛІМІ: 
"Міне, алдына келгенде айтты, жұрт секілді 5-10 теңгеңді беріп жүре бермедің бе, отыратын едің тыныш қана. Сенде тыныш, мен де тыныш болар едім деді. Мен не үшін ол кісіге 5-10 теңге беремін ол кісіге. Өзімнің адал жұмысымды істеп жүрсем". 

Келіншекті жұмыстан шығаруға Түркістан қалалық Білім бөлімінің сол кездегі басшысы, айтыскер ақын Бекарыс Шойбековтың ауызша нұсқауы себеп болды дейді директор. Өйткені, мектепте шағын орталық жабылып, Мақпал Самаликованы сонда жіберу туралы сырттай пәтуаласыпты. Өзара келісімнің ішінде балабақша меңгерушісі мен мектеп басшысы және Бекарыс Шойбеков болған. Алайда, болары болып, бояуы сіңгенде балабақша меңгерушісі мұны жұмысқа қабылдамай қойған. Сөйтіп, төрт баланың анасы, отбасының жалғыз асыраушысы болып жүрген келіншек аяқ астынан жұмыссыз қалды. 

ЕСЕНӘЛІ ЖЕТІБАЕВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: "Менде шағын орталық жабылып қалды. Мен жұмысты қайдан тауып беремін?!. Сондықтан да алдын-ала келісілген нәрсе. Мына тобын Самаликова қабылдап алады деп. Көлтаеваның өзінің қателігі деп ойлаймын. Өйткені, Қалалық білім бөлімі басшысының алдында бұл кісінің өзінің тобын беремін, қалдырмаймын деген уәдесі бар еді".

Осы іс бойынша бірнеше рет сот отырысы болған. Аппелияциялық алқада қаралған. Бірақ, барлық процесс мектеп басшысының пайдасына шешіліпті. Қарындасының сөзін сөйлегені үшін дәл осы мектепте жұмыс істеп жүрген 3-ші топтағы мүгедек Нәлібай Самаликов те директордан зәбір көрдім деп отыр. Шындықты айтып шырылдағаны үшін ол да жұмыстан қуылыпты.



НӘЛІБАЙ САМАЛИКОВ, ҚҰМТИЫН ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БҰРЫНҒЫ МҰҒАЛІМІ: 
"Соңына түссе, кім болса да құртады ғой. Ерегісті, соңыма түсіп алып, ілікті тапты, мені жұмыстан шығарды. Сөйтіп, менің орныма болмағанда 800 мың- 1 000 000 теңгемен жұмысқа кіріп жатыр екен ғой. Міне, беті отыр өзінің. Анау жүрген жұмысшылардан 500 мың, 350 мың теңгеден ақша алады екен. Біреуі менің інім, біреуі менің жиенім".

Бірақ, бұл айыппен мектеп директоры келіспеді. Өз міндетін толық орындамай, жұмысында кемшілік жіберді деп отыр. 

ЕСЕНӘЛІ ЖЕТІБАЕВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: Мен алады деп ойлайсыз ба? Ол енді тілде сүйек жоқ шығар, айта берсін".

Екі жақты айтысып- тартысып жүргенде Түркістан өз алдына бөлек облыс орталығы атанды. Оның айналасындағы елді мекендер түгел Кентау қаласының қарамағына өтті. Құмтиын жалпы орта мектебі Кентауға қарайды. Сондықтан, бұл мәселені қала билігі өзінше шешіп көрмек болғанымен нәтиже шығара алмапты. Болмаған соң, мектепке адам қабылдау тәртін енгіздік дейді. 

ӘДІЛ ӘУЕЛБЕКОВ, КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: "Мектептердің бәріне біз осы портал арқылы жіберіп отырмыз. Бірде-бір мектеп басшысы өз бұйрығымен керекті кадрді алған жоқ".

Дегенмен, ағалы-қарындасты  ұстаздар бұл уәжге қанағаттанбай отыр. Енді аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің қабылдауына жазылмақшы. Сөйтіп, мәселенің ақ-қарасын айырып беруді облыс әкімінен араша сұрамақ.

Соңғы жаңалықтар