Демалыс күндері ел аумақтарында 10 адам суға кетіп, мерт болды
Демалыс күндері республикада 10 адам суға кетіп, мерт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті. |
Министрліктің ақпаратына сүйенсек, сулы нысандарда мерт болу фактілері бойынша Қарағанды облысында үш оқиға, Солтүстік Қазақстан облысында - 2, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Алматы облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында бір-бір оқиғадан тіркелді.
Суға кеткендердің ең жасы Астана қаласының 10 жасар тұрғыны болды. Жеткіншек қаладан 8 шақырым жерде, Нұра-Есіл арнасында балық аулау барысында жазым болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін