Демалыс күндері елімізде -38 градус аяз болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Демалыс күндері елімізде -38 градус аяз болады

Демалыс күндері елімізде -38 градус аяз болады

Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны әсер етеді. Соның әсерінен солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасының күрт төмендейді.

  • 25 Қараша 2022
  • 11
Фото - Caravan.kz

«Атмосфералық фронттардың өтуімен 26 қарашада шығыста, 26-28 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы тұрақсыз болып, қар жауады», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

26 қарашада шығыста, 26-27 қарашада оңтүстік-шығыста қар жауады.

«Республика бойынша тұман түсіп, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел15-28 м/с-ке дейін күшейеді. Шығыста бұрқасын, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады», – делінген хабарламада.

Түнде батыста ауа температурасы 5-15 градусқа дейін төмендейді. Ауа температурасының күрт төмендеуі 26-27 қарашада Солтүстік-батыста – 20-30 градусқа дейін, солтүстікте – 23-36 градусқа дейін, орталықта – 17-34 градусқа дейін, 27-28 қарашада шығыста – 27-38 градусқа дейін, 27-28 қарашада – ауа температурасының төмендеуі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 5-15 – ке дейін, таулы аудандарда-15-20 градусқа дейін түседі.