Демалыс күндері Павлодар облысының екі тұрғыны өрт салдарынан көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Демалыс күндері Павлодар облысының екі тұрғыны өрт салдарынан көз жұмды

Демалыс күндері Павлодар облысының екі тұрғыны өрт салдарынан көз жұмды

Демалыс күндері Павлодар облысында екі адам өрт құрбаны болды, деп хабарлады ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

  • 4 Сәуiр 2016
  • 432
Фото - Caravan.kz

2 сәуір күні күндіз Баянауыл ауылындағы жекеменшік үйдің ауласындағы жазғы асүй өртенді. Жалын сағат 12:33-те ауыздықталып, 13:36-да сөндірілді. Өрт аумағы 18 шаршы метрді құраған. Оқиға орнында 1961 жылғы азаматтың мүрдесі табылды.

Тілсіз жаумен күреске ТЖД-нің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметі» ММ жеке құрамының 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

3 сәуірде Екібастұз қаласындағы төрт бөлмелі тұрғын үйден өрт шықты. Өрт таңғы сағат 03:50-де ауыздықталып, 05:10-да сөндірілді. Жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнында 1953 жылы туылған азаматтың өртенген мүрдесі анықталды.


Өртті сөндіруге ТЖД-нің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметі» ММ жеке құрамының 11 адамы мен 2 техникасы тартылды.