Жарияланды: 20

Денис Тен атындағы шәкіртақыға құжат қабылдау басталды

Денис Тен атындағы шәкіртақыға құжат қабылдау басталды

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдегері Денис Теннің атына тағайындалған шәкіртақыға құжаттар қабылдануда.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Байқау талаптары Қазақстан-Британ техникалық университетінің ресми сайтына жарияланды. Жобаның мақсаты - оқу үлгерімі жоғары, спорт пен мәдениет саласының дамуына септігін тигізіп, жастар арасында патриотизмді насихаттап, зор үлес қосып жүрген дарынды студенттерді қолдау.

Байқау шарты бойынша Денис Тен атындағы шәкіртақыға тағайындау үш кезең бойынша жүргізіледі:


1 кезең: өтініштерді қабылдау - 25 қыркүйек пен 15 қзан аралығы; 2 кезең: өтініштерді іріктеу - 23 қазанға дейін; 3 кезең: нәтижесін шығару - 26 қазан.

Шәкіртақыға ҚБТУ-да оқитын (бакалавр, магистратура), спортта жоғары нәтижеге қол жеткізген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін