Спортшы ақсүйек әулеттің өкілімен түскен фотосуретін Инстаграмдағы жеке парақшасында жариялады.
«Монако ханшайымы — Александра Ганноверскаямен! Бұл бірінші кездесуіміз емес, бірақ бірінші селфиіміз!», — деп жазған спортшы.
Жас ханшайым Александра Ганноверская да мәнерлеп сырғанаумен айналысады, оның футболға қызығатыны да белгілі. Оның анасы — Монако ханшайымы Каролина Луиза Маргарита (Caroline Louise Marguerite) Ренье ІІІ және ханшайым Грейстің үлкен қызы.