ДЕНСАУЛЫҚ: «Ақылды телефон» жасөспірімдердің мінезін бұзады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДЕНСАУЛЫҚ: «Ақылды телефон» жасөспірімдердің мінезін бұзады

ДЕНСАУЛЫҚ: «Ақылды телефон» жасөспірімдердің мінезін бұзады

Зерттеушілердің айтуынша, смартфон иелері түнде интернетте ұзақ отырып, ұйқысыздыққа дағдыланып кетеді. Сонымен қатар, қарапайым телефоны барларға қарағанда смартфон иелері екі есе артық телефонын «шұқылайды». Ғалымдардың айтуынша, зерттеу уақытында жастардың дені смартфон арқылы түнде видеоларды жиі қарап, онлайнда көп отырып қалады. 

Қорыта келгенде зерттеушілер түнде смартфон пайданаланушылардың ұйқысы бұзылып, күйзеліске душар болатынын ескертеді. Ұйқының бұзылуы адамның мінезіне де әсер ететіні белгілі. Сондықтан, ғалымдар жасөспірімдердің қолындағы ұялы телефонды ата-анасы кеңес бере отырып, ұйықтар алдында екі сағат бұрын сөндіріп тастауға шақырады. 

Фото - Caravan.kz