ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік аясында 2014 жылы 15 мемлекеттік медициналық мекемені сеніп басқаруға өткізуге дайын.
" Мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік аясында 15 мемлекеттік медициналық мекемені сеніп басқаруға өткізуді жоспарлаудамыз. Бірқатар ұйымдар сатылады не жекешелендіріледі, деп кейбір БАҚ бұрыс жазған болатын. Мұнда әңгіме менеджмент элементтерін енгізу, сеніп басқаруға өткізу туралы", деді Астанада сейсенбіде журналистерге денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов.
Оның айтуынша, менеджмент тиімділігі барлық нәрседен көрініс табуға тиіс, яғни энергия ресурстарын үнемдеуден бастап қызмет көрсету сапасын арттырғанға дейін.
"Менеджер науқастарға барынша жайлы жағдай туғызу үшін ақша санауды білуге тиіс. Біз дәрігерлердің жалақысын шектемейміз. Егер ауруханаға нақты хирург керек болса, менеджмент оған миллион да төлей алады, бірақ ақшаны қайдан табады, өзі біледі", деді вице-министр.
Мұндай мекемелерде сапаға бақылау денсаулық сақтау министрлігінің жоспарлы тексерулері мен пациенттердің арыздары негізінде жүргізілмек.