Жарияланды: 520

Денсаулық сақтау ұйымының 52 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды - Прокуратура

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемелеріне ана мен бала денсаулығын қорғау туралы заңнамалардың кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлігінде қолданылуына тексеріс жүргізген болатын.

Осыған орай, бірқатар заң талаптарының бұзылғандығын анықтап отыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды. Прокурорлық тексерістер көрсеткеніндей, өңірде балалар мен босанатын әйелдерге медициналық жәрдем беретін мекемелердің медициналық жабдықтармен, медициналық тағайындалатын бұйымдармен жарақтандырылуы төменгі деңгейде екендігі анықталған. Мәселен, Тимирязев ауданының босанатын әйелдерге медициналық жәрдем мекемесінің жабдықталуы ең төменгі нормативтің 38 пайызын ғана құрап отыр. Жабдықталудың төменділігінен қымбатқа сатып алынған медициналық қондырғылар да тиімсіз жүзеге асып жатыр. «Тексерістер нәтижесі бойынша тәртіптік жауапкершілікке 41 лауазымды тұлға тартылды. Оның ішінде 11 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 9-ы денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары», - делінген баспасөз ақпаратында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін