Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Мысырмен әуехабарлама тоқтатуын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Мысырмен әуехабарлама тоқтатуын түсіндірді

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Мысырмен әуехабарлама тоқтатуын түсіндірді

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Мысырға жолдама сатып алған қазақстандықтарға не істеу керегін айтты.

  • 30 Қараша 2021
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазірдің өзінде бірқатар елде Мысырдан келген азаматтардан "омикрон" штамы анықталған. Осыған байланысты әуе қатынасын тоқтату туралы шешім қабылданды. Барлық шектеу шарасы 2021 жылдың 3 желтоқсанынан бастап күшіне енеді. Біз Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі әріптестерімізбен туристерді басқа бағыттарда ұлғайту мақсатын пысықтаймыз", — деді Шоранов үкімет отырысынан кейін.

Вице-министр Қазақстанның міндеті коронавирустың жаңа толқынын болдырмау және вирустың таралуына жол бермеу екенін айтты.


"Біріншіден, халық коронавирусқа байланысты сын-қатер әлі аяқталмағанын түсінуі керек. Біздің міндетіміз – елімізге жаңа штамның әкелінуіне мүмкіндігінше жол бермеу. Оған қоса, штамдарды жүйелеу жұмыстарын жүргіземіз. Бүгінде мұндай шараларды, көп ел қабылдағанын білесіздер, кейбір Еуропа елдері, Израиль, Сингапур. Бұл дұрыс шара деп ойлаймын", — деп қосты Шоранов.

Соңғы жаңалықтар