«Депутат болсаң өзіңе»: Шенеунікті көлігімен қуып жүріп қаққан ер адамға қатысты ел білмейтін дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Депутат болсаң өзіңе»: Шенеунікті көлігімен қуып жүріп қаққан ер адамға қатысты ел білмейтін дерек шықты

«Депутат болсаң өзіңе»: Шенеунікті көлігімен қуып жүріп қаққан ер адамға қатысты ел білмейтін дерек шықты

Түркістан облысында тағы да жаға ұстатарлық жағдай орын алды.

  • 17 Мамыр 2023
  • 1598
Фото - Caravan.kz

Жергілікті тұрғын облыс мәслихаты депутатын саудасын жина дегені үшін, көлігімен қуып жүріп, қағып кетті, деп хабарлайды Caravan.kz.

Белгілі болғандай, оқиға Мақтарал ауданының орталығы Мырзакент ауылында болған. Жергілікті тұрғын депутат орталықта отбасымен серуендеп жүрген кезде добын гүлзарға түсіріп алған. Бұл қылық халық қалаулысына ұнамай қалған. Осылайша Тимур Адамбеков тұрғынға ескерту жасап, ал оның жанында жүрген ер адам тұрғынды шапалақпен тартып жіберген.

Сонымен бірге көпшілік ер адамды әйелінің көзінше ұрған депутатты кінәлап отыр.

Шенділердің бұл қылығына ыза болған тұрғын көлігіне отырып, оларды әдейі қаққан. Қазіргі таңда депутат пен оның көмекшісі ауруханада, ал ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.


«Қос тарапқа қатысты ҚР ҚК 160-бабы, 293-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қасақана шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды. Тергеу Түркістан облысы ПД бастығының бақылауында»,-деді Түркістан облысы полиция департаменті өкілдері.

 

Соңғы жаңалықтар