Депутат еліміздегі мұғалімдердің жалақысын өсіруді сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат еліміздегі мұғалімдердің жалақысын өсіруді сұрады

Депутат еліміздегі мұғалімдердің жалақысын өсіруді сұрады

Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова қазақстандық мұғалімдердің, тәрбиешілердің және педагогикалық мекеме жұмысшыларының ж

  • 16 Ақпан 2017
  • 755
Фото - Caravan.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова қазақстандық мұғалімдердің, тәрбиешілердің және педагогикалық мекеме жұмысшыларының жалақысын өсіруді сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Педагогтар ұжымының қызметіне қатысты, жалақы сомасына қарағанда, артылған міндеттерді орындаудың мүмкіндігі күмән туғызады. Балабақша тәрбиешісінің жалақысы — 40 мың теңге, енді жұмысқа тұрған мұғалімдікі 46 000 теңге. Тәрбиешілер мен мұғалімдердің жалғыз "мотиваторы" — балалармен жұмыс істеуі, балалардың өзі", — деп атап өтті депутат премьер-министрдің атына жолдаған сауалында.

Ирина Смирнова мұғалімдердің қосымша міндеттері бар екенін айтып отыр.

"Алатын аз көлемдегі жалақысымен қатар қосымша міндеттері көп, оны қоғамдық жұмыстар деп жүрміз. Мәселен, жалпы білім беруді алайық. Әрбір мұғалім қаланың, ауылдың учаскесіне бекітіліп қойған, ол әр учаскені үш рет айналып өтуі тиіс, бұл учаскесінде көпқабатты үйлер немесе ондаған жеке үй, саяжай массиві бар, ондағы 0-18 жас аралығындағы балаларды тіркеп шығуы тиіс. Тіркеуге мәліметті бергісі келмейтін тұрғындар да бар, оның үстіне берген мәліметі үшін тұрғындар жауапкершілік арқаламайды. Тіпті мәлімет бергісі келмей, итін айтақтап отыратын азаматтар да баршылық. Мұғалімнің қандай қауіп-қатерде жүргенін ешкім ойламайды, оқытушылардың көбі әйелдер, олар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін еш ақысыз қоғамдық жұмыстарға тартылады. Ал учаскесінде балалар болса, олардың қайда оқитынын анықтап, тіркеуі тиіс. Учаскесінде оқуға тартылмаған бала болса, директорға, осыған жауапты директор орынбасарына қатысты жұмыстан босатуға дейін мәселе көтеріледі. Жалпы алғанда ел мұғалімдері бір жыл ішінде үш мәрте халық санағын жүргізіп шығады", — дейді Смирнова.


Ирина Смирнова. © parlam.kz

Сонымен қатар, айтуынша, Алматыдағы қоғамдық көлікте жолаушылар тасымалдауға арналған "Оңай" жол жүру құжатын түгелдей мұғалімдер еш ақысын жүзеге асырады. 


"Ал көлік ұйымдары мемлекеттік те емес, жеке. Оның үстіне — құжаттар өте көп, жұмыс жоспары тығыз: күнтізбелік, ұзақмерзімді, орташа мерзімді, сабақ жоспары, өзінің жеке дамуының жоспары, мектеп бөлімшесінің белгілі бір жоспары, осылай кете береді", — деді депутат.

Смирнованың айтуынша, мұғалімдер осы міндеттің барлығын орындап, ісінің дәлелі ретінде фотоесеп, сценарий, оқушылардың эссесі, әріптестері мен ата-аналардың пікірі түріндегі жұмыс өткізуі тиіс. "Сынып журналын енгізу, әлі қағаз түріндегісі алып тасталған да жоқ, үстіне электрондық журналы да қосылып отыр. Білім алып жатқан балалар туралы мәліметтерді Ұлттық білім беру базасына қосу, онда әрбір балаға көптеген сұрақ қойылады, жауабы талап етіледі. Бұл ақысыз істелетін әрі атқарылуы қиын жұмыстар. Жүйенің қызметі бойынша арнайы мөлшерлеме жоқ", — деді ол.

Осылай дей келе, депутат мұғалімдердің, тәрбиешілердің, педагогикалық мекеме жұмысшыларының жалақысын өсіруге қаражат табуды, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесін тиімді ету мүмкіндіктерін қарастыруды, оны қашықтықтан жүзеге асыру формасын енгізуді, мектеп мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілерінің ақысы мәселесін шешуді, мұғалімдердің күшін балаларды тәрбиелеумен және білім берумен байланысы жоқ белгілі бір міндеттерді орындауда тартпаудысұрады. 

Сұранысқа "Халық коммунистері", "Ақ жол", "Нұр Отан" фракнцияларының депутаттары және Қазақстан халқы ассамблеясы мәжілісмені қол қойды.

Соңғы жаңалықтар