Депутат Логутов Жириновскийді Қазақстанға жолатпауды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат Логутов Жириновскийді Қазақстанға жолатпауды талап етті

Депутат Логутов Жириновскийді Қазақстанға жолатпауды талап етті

Жириновскийдің мәлімдемесі Мәжіліске енді жетті. Бүгін қоғамның наразылығынан соң депутаттар да күтпеген жерден күшке мінді. Сөйтіп ресейлік саясаткер Владимир Жириновский мен өзін оппозиционер санайтын Эдуард Лимоновты «жағымсыз тұлға» деп танып Қазақстанға  аттап бастыртпауды талап етті.

  • 27 Ақпан 2014
  • 298
Фото - Caravan.kz


Николай Логутов, Мәжіліс депутаты:

-Жириновский мен Лимоновтың намысқа тиетін мәлімдемесін Ресей ресми түрде жоққа шығарсын. Сондай-ақ, еліміздің Сыртқы істер министрлігі екеуін де, Қазақстан аумағына кіргізбеу туралы шешім қабылдауы қажет.  Өйткені, Жириновский тым шектен шығып барады. Мемлекеттік думаның  депутаты бола тұра, тәуелсіз елімізге тіл тигізді.

23-ші ақпанда Жириновский Мәскеудегі митингте Қазақстанды Ресей Федерациясының құрамына кіргізіп қана қоймай, Орта Азияны түгел «басып алу керек» деген еді. «Сайқымазақ саясаткердің» кезекті сандырағын тіпті федеральдық арналардың бірі тікелей эфирден көрсетті. Ал бұған дейін Эдуард Лимонов деген әлдебіреу Қазақстанның солтүстігін «Ресейге қосу керек» деп есірген болатын. Қоғамдық пікірдің қыспағынан кейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі наразалық нотасын жолдаған. Алайда, ең жақын «одақтасымыз»  саналатын ресми Мәскеу әлі мардымды жауап қатқан жоқ. Ал Лдпр партиясы төрағаларын жақтап, Жириновскийді «дұрыс түсінбеген» деп оған  шаң жуытпай отыр.