Депутат оқушыларды автобуспен тасымалдау мәселесін көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат оқушыларды автобуспен тасымалдау мәселесін көтерді

Депутат оқушыларды автобуспен тасымалдау мәселесін көтерді

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова ҚР Үкімет басшысы орынбасарының атына жолдаған сауалында оқушыларды мектепке автобуспен тасымалдау мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 4 Қазан 2017
  • 273
Фото - Caravan.kz

«ҚР Конституциясының 30-бабында Қазақстан азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында ақысыз орта білімге кепілдік берілген. Орта білім баршасына міндеттелген. Сонымен бірге, еліміздегі 1523 ауылында өздерінің орта білім беру мектебі болмағандықтан, балалар көршілес елді мекендерге барып оқуға мәжбүр. Бүгінде 30 000 мыңнан астам бала осылай білім алып жүр. Олардың еш кедергісіз мектепке баруын ауыл әкімдіктері қамтамасыз етуі тиіс, яғни бірінші кезекте тұрақты көліктері болуы керек. Атап айтқанда, көліктер талаптарға сай болып, қауіпсіздік тұрғысында автобуспен тасымалданатын балалардың саны отыратын орындардан аспауы қажет», — деп тоқталды депутат.

Осы орайда бұл бағытта ішкі істер органдары да қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керектігін, балалар жиналатын алаңдарды тиісті талаптар бойынша жасақтау қажеттігін атап өтті.

Смирнова кейбір ауылдарда мектепке жету үшін балалар бірқатар қиындықтарға тап болып отырғанын сөз етті. Мәселен, Алматы облысындағы Іргелі ауылының балалары тұрақты автобус бағдарының жоқтығынан, Кемертоған елді мекеніндегі жаңа мектепке қатынауы қиындаған.


Сонымен қатар Ақмола облысы Қосшы ауылының балаларын тасымалдауда да проблема бар, яғни оқушылар үйлерінен мектепке дейін 6 шақырым жаяу жүруге мәжбүр.

Ал Астананың маңындағы Целиноград ауданы Қоянды елді мекенінің тұрғындары жолдың нашарлығы мен автобустың жетіспейтіндігіне шағымданып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шұқырсай ауылында 264 отбасы тұрады. Он жылдан астам уақыттан бері тұрғындар мектеп салып беруді сұрауда. 500-ге жуық бала көрші ауылда білім алып жүр, сондай-ақ оқушыларды тасымалдауда қиындықтар бар.  

 

Соңғы жаңалықтар