Депутаттың айтуынша, көрнекті қоғам қайраткерінің және атақты ғалымның ерлігі мен зор адамгершілік қасиеттерін, отансүйгіштігі мен қарапайымдылығын Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" еңбегіндегі қағидаттарға сай насихаттаудың жаңа мүмкіндігі туып отыр. "Осы орайда Астана қаласына Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш қою мәселесі қарастырылса етті. Бұдан басқа, Көкшетау қаласындағы батырдың республикалық мұражайы талапқа сай жауап беретін осы заманғы қор сақтау қоймасына да зәру болып отыр. Кезінде депутаттық сауалымызға орай тәуелсіз еліміздің әскери бір бөлімшесін Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің есімімен атау қажет деген ұсынысымызға орай 2014 жылғы 14 қаңтарда Үкіметтің өзі берген жауабында «Сарыөзек қалашығындағы әскери бір бөлімшені Ғабдуллиннің атымен атаймыз» деген ісі де аяқсыз қалып келеді", — деді сенатор.