Депутаттар арсыз сайттарға ауқымды күрес жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттар арсыз сайттарға ауқымды күрес жариялады

Депутаттар арсыз сайттарға ауқымды күрес жариялады

Мәжілісмендер балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға шындап кірісті. Сөйтіп телеарналар, компьютер клубтары мен ғаламторға қарсы бұрын-соңды болмаған ауқымды күрес жариялады. 

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 186
Фото - Caravan.kz

Депутаттардың күшке мінетін жөні  бар. Бүгін «Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттардан қорғау» туралы заңды өздері бірінші  оқылымда бекітті. Алғаш рет қабылданған жаңа құжаттың талабы бойынша енді теле-радио, газет-журналдар мен түрлі сайттардан өтетін  кино, бағдарлама мен жарнамалар қатаң сүзгіден өтеді. Барлық материал баланың жас ерекшелігіне сай түрлі санатқа бөлініп көрсетілмек. Ең бастысы жарияланатын ақпараттың мазмұны жасөспірімнің ой-санасына, психикасына қауіпті болмауы тиіс. Талапты бұзғандарды арнайы комиссия анықтап айыппұл салады, не лицензиясын тартып алмақ. Тіпті Мәжіліс ұл-қыздарды жүгенсіз кеткен порнографиялық өнімдерден қорғаудың жолын тауыпты. Ол үшін Америкадағыдай әр баланың компьютеріне құпия сөз жазып арсыз сайттарға кіруін шектемек.


Алдан Смайыл, Мәжіліс депутаты:

-Әлгідей адресі бар балалар ересектерге арналған интернет-ресурстарға сайттарға кіре алмайды. Менің айтып отырғаным сол. Егер техникалық қамтамасыз ете алсақ, Қазақстанға да енгізуге болады.