Депутаттар баланың басын қатырып жатқан кітаптардың мазмұнына шүйлікті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттар баланың басын қатырып жатқан кітаптардың мазмұнына шүйлікті

Депутаттар баланың басын қатырып жатқан кітаптардың мазмұнына шүйлікті

Білім министрлігі балалардың басын қатырып жатыр. Себебі оқулықтардың сапасы сын көтермейді. Алайда, сол кітаптарға жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, мазмұны өзгермей қойды. Бүгін депутаттар осы олқылықты тағы да қатал сынға алды.

  • 12 Наурыз 2014
  • 207
Фото - Caravan.kz

Дариға Назарбаева, Мәжіліс депутаты:

-Айтыңыздаршы, футбол мен волейбол ойнаудың  ережесі жазылған мынадай кітап кімге керек? Жалпы, мұндай шешімді кім қабылдайды? Сараптамаға, өңдеуге қыруар ақша кетті. Рұқсат алу үшін қол жинап, тиісті адамдарға сыйлық тасыған боларсыздар? Ал, осындай сапасыз кітаптан бала білім ала ма?

Ал, сын естіген Білім министрлігінің атқамінерлері, оқулықтардың «салмағын азайтамыз» деп састы. Алайда, депутаттар салмақтан бұрын сапаға көңіл бөлуді талап етті. Қазіргі қолданыстағы оқулықтардың мазмұнына мұғалімдер де наразы. Ұстаздардың айтуынша, жыл сайын жаңарып отыратын кітаптардағы мәліметтер, тіпті тарихи оқиғалар өзгеріске ұшырап, балаларды шатастырып жатыр. Мұндай бассыздыққа кітап басуды бизнеске айналдырғандар да кінәлі дейді жиналғандар. Ал бақылауды министрлік бетімен жіберген.


Аягүл Миразова, Алматы қаласындағы №159 гимназияның директоры:

-Оқулықтардың білім мазмұнының берекесіздігі. Ешқандай бір-бірімен байланыс, сабақтастық жоқ. Артық дүние өте көп. Жылдан жылға сабақтың сағаты азайып, мазмұны нашарлауда.