Қазақстанда 1 миллион 777 мың зейнеткер бар екен. Оның 7 мыңы қарттар үйінде тұрады. Егде жастағы кісілердің басым бөлігі бүгінде жалғыздықтан жапа шегуде. Өйткені, олар бір-бірімен кездесіп, әңгімелесе де алмайды. Елімізде қарттардың басын қосатын қоғамдық клубтар мен демалыс орындары қарастырылмаған. Ал, зейнеткерлердің мәселесін қарайтын мекеме мүлдем жоқ. Сондықтан біздің қариялар әлеуметтік, тұрмыстық шағымдарын қайда барып айтарларын, тіпті кімнен көмек сұрарларын да білмейді. Мемлекеттік бағдарламаның бірінде де олардың жағдайы ескерілмеген. Қарттарды күтуде дамыған шет мемлекеттерден үлгі алуымыз керек дейді депутаттар.
Тұрсынбек Өмірзақов, Мәжіліс депутаты:
-Дүние жүзінде қарттармен жұмыс жасайтын жеке ұйымдар министрліктер бар. Бізде ондай министлік жоқ.Мен де жақсы қартайғым келеді. Өзімнің қолымда 89 жастағы шешем бар. Сол кісіні әлпештеп, қолымда ұстап жатырмын. Ертең менің ұлым да солай қарасын деп.