Бұл ән, бұрынғы әннен өзгерек. Бұған дейін жарық көрген, «13-аудан» фильмінің біріншісі мен екіншісінен әлдеқайда қызықты. Экшн жарындағы картинаның желісі дәл осы қала үшін қауіпті деп танылған ауданды құртудан басталады. Қоғамнан оқшауланған ауданды есірткі мен қылмыстан тазарту «миссиясы» детектив Дамьен мен осы жерді бүге шүгесіне дейін білетін Линоға жүктеледі. Олар бұл тапсырманы орындау үшін оқ пен оттың арасында жүріп, талай ажалдан аман қалады.
Паркур қозғалыстар, атыс-шабыс пен өмірге қауіп төндіретін тосын жайттар, бұдан да өзге қызыққа толы туынды бір апта бұрын әлемдік прокатқа шыққан.
Нариман Әбиев, «Меломан» компаниясының қызметкері:
-Бұл фильм бізде мамырдың 8-інен бастап прокатқа шығады. Бірақ мейрамға байланысты, кейбір жерлерде ертеңнен бастап көрсетіле бастайды. Қазір Ресей мен АҚШ-та бұл фильм өте танымал. Ақшаны тәуір жинап жатыр.
Экшн фильмде басты рөльді бұған дейін «13-аудан» фильмінің біріншісі мен екіншісінде негізгі кейіпкерді келтірген, Даваид Белль мен әйгілі голливуд актері Пол Уокер сомдайды. Бұл фильм Пол Уокердің оқыс қазасына дейін түсірілген. Марқұм, әйгілі актердің соңғы еңбегі мен фильмнің соңы қалай аяқталатынын көзі қырағы киномандар алдағы бейсенбіден бастап көре алады. Айта кетейік, бұл кинокартинаны «Дисней» және «Сони» студияларының ресми дистрибьюторы «Меломан» компаниясы ұсынып отыр.