Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқовты Қазақстанға депортациялауы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқовты Қазақстанға депортациялауы тиіс

Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқовты Қазақстанға депортациялауы тиіс

АҚШ-та Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқовқа қатысты сот үкімі шыққаннан кейін оларды Қазақстанға депортациялауы тиіс. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлім етті.

  • 9 Тамыз 2013
  • 518
Фото - Caravan.kz


«Егер оларға қатысты нақты сот үкімі шығып, 25 жылға бас бостандығынан айыратын болса, онда соттың соңғы сөзінен кейін оларды Қазақстанға депортациялауы тиіс», — деп атап көрсетті Н. Айтмаханов.

Естеріңізе сала кетейік, Қазақстан Республикасының Нью-Йоркте орналасқан Бас консулдығынан түскен ақпаратқа сәйкес, кеше, яғни 8 тамызда Федералдық сот алқасы Қазақстан азаматтары Диас Қадырбаев және Азамат Тажаяқовқа қатысты айып тағуды қолдады. Айып екі тармақтан тұрады: біріншісі — тергеуге кедергі келтіру мақсатымен алдын ала келісім, екіншісі — тергеуге кедергі жасау, қылмыскерге көмек көрсету және араңдатушылық. Аталған айыптар бойынша олар 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірінші тармақ бойынша 20 жыл берілсе, екінші тармақ 5 жылды көздейді. «Сондай-ақ жазаны өтегеннен кейін олар бақылауға алынып, 250 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеп беруі тиіс. 13 тамызда кезекті сот отырысы өтеді», — дейді Н. Айтмаханов.