Димаш Құдайбергеновтың анасы мүмкіндігі шектеулі жандар алдында қайырымдылық концертін берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайбергеновтың анасы мүмкіндігі шектеулі жандар алдында қайырымдылық концертін берді

Димаш Құдайбергеновтың анасы мүмкіндігі шектеулі жандар алдында қайырымдылық концертін берді

Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығына Ақтөбе қалалық филармония ұжымымен келген Света Айтбаева шағын концерт ұсынды. Ұйымдастырылған шара барысында қазақ, қырғыз, орыс тілдерінде ән шырқап, көрерменнің алғысын алды. Қайырымдылық жасауды үрдіске айналдырған әнші келген мүгедек жандарға арнап мерекелік сый-сыяпат үлестірді.

«Бұрын Димаш мектепте 9 сыныптан бастап біздің еріктілердің қатар

  • 20 Наурыз 2018
  • 24
Фото - Caravan.kz

«Бұрын Димаш мектепте 9 сыныптан бастап біздің еріктілердің қатарында болып өнер көрсетіп жүрді. Кішкентай ғана қараторы бала жаяулатып, автобуспен, таксимен келіп көңілімізді көтеретін. Студент кезінде де бізбен бірге болды. Әлі күнге дейін бойынан қарапайымдылықты байқаймыз. Осындай баланы дүниеге әкеліп, өнерін ұштаған анасына алғысымызды айтамыз», — дейді Гүлмира Сражова.

Димаштың сәлемін жеткізген анасы қазіргі таңда Димаштың осы күндері Астанада жүргенін жеткізді.

Оқи отырыңыз:

Тәжікстанда хиджаб, қысқа етек және галош кимеуді ұсынды

Дональд Трамп халықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

ОҚО-да 1,5 ай бұрын суға ағып кеткен баланың денесі енді табылды

Соңғы жаңалықтар