Димаштың бейнебаяны ресейлік арнада топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаштың бейнебаяны ресейлік арнада топ жарды

Димаштың бейнебаяны ресейлік арнада топ жарды

Димаш Құдайбергеннің Screaming әніне түсірілген бейнебаяны ресейлік "Муз ТВ" арнасында топ жарды, - бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
 

  • 19 Қазан 2018
  • 745
Фото - Caravan.kz


Құдайбергеновтың "Screaming" әніне түсірілген бейнебаяны дауыс беру жағынан үздік атанған. Әншінің әкесі бұл жайлы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕННІҢ орындауындағы " Screaming" әніне түсірілген бейнебаян Ресейдің "Музтв" телеарнасының "музраскрутка" бағдарламасы арқылы көрермендер арасында жалпы дауыс беру жүйесі бойынша сынға түскен болатын.
Бір ай көлемінде интернет арқылы өткізілген жарыс нәтижесі бойынша Димаштың орындауындағы аталмыш ән жалпы есепте 97% дауыс жинап жеңімпаз атанды. 
Сайыстың шартына сәйкес бұл клип енді "Музтв" телеарнасында тегін ротацияға ие болды.
Дауыс беріп, үлкен қолдау білдірген барлық жанкүйер, тыңдарман қауымға үлкен алғыс айтамыз!" — деп жазды Қанат Айтбаев.

 

Соңғы жаңалықтар