Жарияланды: 480

Дін істері жөніндегі агенттіктің құрылуы Конституцияға қайшы келеді, деп есептейді құқық қорғаушы

Үкіметтің дін істері жөніндегі агенттік арқылы байсалды ислам тұжырымдамасы мен «бір ұлты – бір дін» қағидасын жариялауы Қазақстан Конституциясына қайшы келеді, деп есептейді Алматылық Хельсинкий комитетінің төрайымы Нинель Фокина.

«Мемлекет діни қатынастарды реттеуден бас тартпақ түгілі, ол тікелей ерекше дін түрін қолдан жасамақшы. Ол зайырлы мемлекеттің конституциясына қайшы. Мемлекет діни бірлестіктер ісіне араласпауы тиіс және діни идеологияны анықтамауы тиіс», - деді ол сейсенбі күні 2009-2011 жылдарға арналған адам құқықтары саласындағы ұлттық жоспарды орындау жөніндегі шолуды таныстыруға арналған дөңгелек үстел отырысында. Бұрын хабарланғандай, маусым айында Қазақстанда мәдениет министрлігінің жойылған комитетінің базасында дін істері жөніндегі агенттік құрылған болатын. Оның жетекшісі Қайрат лама Шәріп өзінің алғашқы баспасөз мәслихатында «әрбір қазақстандықта ар бостандығы мен өз таңдауын жасауға құқығы бар – және біз өз таңдауымызды жасадық», деп мәлім еткен. «Біздің таңдауымыз объективті және «Бір ұлт – бір дін» қағидасына негізделген, дәл осы ұстаным бізді біртұтас халық етеді. Осы тұрғыдан алғанда біз байсалды исламды дамыту туралы тұжырымдаманы дамытамыз», - деді ол. Бұл ретте агенттік басшысы тұжырымдаманың негізін түсіндірмей, барлық сауалдарға жауапты кейін айтармын деп уәде етті. Бұдан бұрын ол сондай-ақ, агенттік азаматтардың діни бостандығы саласындағы мемлекеттік саясатқа қатысты түсініктеме жұмыстарын жүргізетіндігін, діни бірлестіктер туралы заңнаманы жетілдіру ұсыныстарын дайындау, қазақстандық қоғамның рухани ағартушылығы мен тұрақтылығын нығайтуға септігін тигізерлік шараларды ұйымдастыратындығын айтқан болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін