Дін қаруға айналып бара жатыр - Бекжан Тұрыс - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дін қаруға айналып бара жатыр - Бекжан Тұрыс

Дін қаруға айналып бара жатыр - Бекжан Тұрыс

Актер Бекжан Тұрыс билік өзіне айтылып жатқын сынды естімейтінін,елемейтінін айтты. 

  • 15 Тамыз 2023
  • 295
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Abay Life"  You Tube бағдарламасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Қоғамның қолымен талай қылмыстар жасалды. Соның бәрін айтып келе жатырмыз. Бірақ, нәтиже жоқ. Біз кейде алаштықтар туралы көп айтамыз. Солардың ісін ары қарай жалғастырғысы келетін талай азаматтар жүр. Оларды айта алмаймыз. Өйткені олар айтылса сотталады, қамалады. Бірақ, ақиқат бәрінен қымбат. Әл-Фарабидің айтатын сөзі бар "Күллі адамзат қорқатын бір ғана құдай бар. Ол — шындық" дейді. Біз сол шындық деген құдайдан қорқамыз. Шындықты айтқан адамды жақсы көрудің орнына айыпты қылып қоямыз. Отан үшін отқа түсуге даяр азаматтарды сол отанның өктемгілері басып тастап жатыр. Ал осы туралы төрдегілерге айта алмайсың. Өйткені төрдегілерге төмендегілердің көзі түгіл сөзі де өтпейді. Саңырау, естігісі келмейді. Мылқау, айтқысы келмейді. Мен үнемі өзімнің азаматтық көзқарасымды білдіріп жүремін. Мен ел сияқты үндемей қалған емеспін. Өзімнің үнімді, ойымды білдіріп жүрген азаматпын. Халықтың өкілі ретінде бұл азаматтар осы қоғамда орны бар еді ғой деп бізді тыңдап жатқан жоқ", — дейді ол. 

Сондай ақ, актер қазақ қоғамында діннің қаруға айналып бара жатқанын да жасырмады. 


"Қазір ерінбегеннің бәрі дінмен алысып жатыр. Таза ақылдың бағытымен табылмаған дін шынайы емес. Бізде әлі дінді жалаң сенім ретінде қабылдайтындар көп. Қазір түрлі бағытта, дін төңірегінде әңгімелер айтылады. Кейде айтылып жатқан әңгімелер Пайғамбар дәуіріне кетіп қалады. Неге қазіргімен ұштастырмаймыз? Бұқарлар, Абайлар ыстық қой бізге. Солармен неге ұштастырмаймыз? Көп кісілердің айтатын уағызынан гөрі тізесін бүкпей тік тұрып жүрген бабаларымның уағызы қымбатырақ. Дін ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің дейді. Біз сол қасиетті біз қазір қаруға айналдырып алған сияқтымыз.Көп адам дінде жүр. Бірақ олардың қай бағытта жүргенін аңғара бермейміз. Намазы қандай?  Намазға келдім деп те айқайлаудың керегі жоқ. Соның бәрі шынайы болуы керек", — дейді Бекжан Тұрыс. 

 

Соңғы жаңалықтар