Жарияланды: 280

Дін тақырыбы мектептерде енді 8-сыныптан оқытыла бастайды

Дін тақырыбы мектептерде енді 8-сыныптан оқытыла бастайды

Дін тақырыбы мектептерде бұдан былай 9 емес, 8-сыныптан бастап оқытыла бастайды. Қазір жауапты мамандар бағдарламаны бекітіп, оқулықты әзірлеп жатыр екен. Бұл туралы Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры мәлімдеді, хабарлады 24.кз. 

Айта кетейік, жоғары оқу орындары мен мектептерде дін мәселелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселесі Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында қарастырылған. Ал осыдан екі күн бұрын Елбасы жарлығымен Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.

– Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басшысы және білім министрлігі осы бірлескен жүйедегі оқу бағдарламасына жаңадан оқулықтар жазу туралы келісімге келді. Қазіргі жоспарымыз бойынша 9-сыныптарда емес, 8-сыныптарда «Дін және қоғам» деген пән енгізіліп жатыр. Оқу бағдарламасы дайындалды, енді оның оқулығы әзірленіп жатыр, деді Мәдениеттер мен діндердің Халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуов. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін