“Қайратқа да, анасына да ешқандай өкпем жоқ. Қалай болғанда да бір кездері араластық, ол – халықтың адамы. Қайрат – талантты жігіт, өз басым оны сыйлаймын, себебі өзі де, анасы да қанша қиыншылықтан өтті, мен оны түсінемін. Ешбір ана өз баласын жаман болсын демейді. Мен де анамын. Мен Қайратты балағаттап, жамандаған жоқпын. Жағдайдың қалай болғанын нақты айтып бердім. Қайрат қиналған кезде маска киіп, шакал боп жүрген достары қайда болды? Неге көмектеспеді? Қайраттың анасы оның жаман жолға түсуіне, артынан сөз еруіне ешқашан жол бермейді деп ойлаймын. Сол себепті менің оған деген ренішім жоқ. Тек өздеріне керек кезде жанынан табылып, басына күн туғанда жоқ боп кететін достарына ыза болдым”, – дейді әнші көз жасына ерік беріп.