Диқаншылар егіс жұмыстары үшін арзандатылған дизельдік отынның 360 мың тоннасын алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Диқаншылар егіс жұмыстары үшін арзандатылған дизельдік отынның 360 мың тоннасын алмақ

Диқаншылар егіс жұмыстары үшін арзандатылған дизельдік отынның 360 мың тоннасын алмақ

Бұрынғы жылдардағыдай қазақстандық диқаншылар көктемгі егіс жұмыстары үшін арзандатылған дизельдік отынның 360 мың тоннасын алады,

  • 18 Наурыз 2014
  • 660
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады республиканың ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков.

"Осы жанар-жағар май жетеді, оның көлемі әкімшіліктермен келісілген, жанар-жағар май беріле бастады", деді ол сейсенбіде Астанада баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, мұнай және газ министрлігі мен ауыл шаруашылық министрліктерінің бірлескен бұйрығына орай дизель отынының бір литр бағасы 95 теңгеден аспауға тиіс.Бұл астық өсіретін негізгі аймақтарға арналған баға. Оңтүстік облыстар үшін баға бұдан да төмен болмақ", деді А.Мамытбеков.