Жарияланды: 500

Д.Исабекұлы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Д.Исабекұлы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Бүгін Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ж.Шанин атындағы облыстық Қазақ драма театрында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы - драматург Дулат Исабекұлының 70 жылдығына арналған шығармашылық кездесу өтті.

Салтанатты кездесуге облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысып, жазушының шығармашылығына деген өзінің жүрекжарды лебізін білдірді. Сонымен қатар әкім ата дәстүрімен Дулат Исабекұлының иығына шапан жауып, жазушыны «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Сондай-ақ оңтүстік өңірге Дулат Исабекұлының мерейтойлық шарасына жазушының қаламдас досы Төлен Әбдік, Көпен Әмірбек және Қазыбек Иса да келген болатын. Аталған азаматтар қаламгердің шығармашылығы туралы жылы пікір білдіріп, жазушыға мықты денсаулық тіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін