"Диван алып берсем "Қытайдың бәлесі" - дейді, шкаф алып бердім "сапасыз" - деп енеме жақпай-ақ қойдым. Не істесем екен?" - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Диван алып берсем "Қытайдың бәлесі" - дейді, шкаф алып бердім "сапасыз" - деп енеме жақпай-ақ қойдым. Не істесем екен?"

"Диван алып берсем "Қытайдың бәлесі" - дейді, шкаф алып бердім "сапасыз" - деп енеме жақпай-ақ қойдым. Не істесем екен?"

Енесінен шаршаған келіншек сырымен бөлісті.

  • 25 Желтоқсан 2018
  • 375
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол "Үшбу хат" — парақшасына жазды.

"Сәлеметсіздерме?! Жалпы оқырмандардың пікірін білгім келеді. Енелеріңіз осындай болса шыдап жүре беретін бе едіңіз? Тұрмыста болғаныма қазір 4,5 жыл. 2 балам бар, шүкір. Енемнің жасы 62-де, үйге адам келгенін жақтыртпайды. Төркінім сол мінезін біліп, тіпті келмейді де. Өзіміздің үйде өзіміз әрең жүреміз, жайлылық жоқ. Есікті қатты жаппа, суды жай ағыз, газдың пышылдаған даусы естілмесін жай жақ, терезені ашатын кезде мені шақыр, жарықты жаққан кезде включательді тық еткізбей жақ , бұл үй неше доллар тұратынын деген сөздерді естіп-естіп ашынатын болдым. Сол сөйлемесінші деп екі баламды да 4-5 айлығынан жұмысыма шығып кетемін, азық-түлікке болсын ақша табайын деген оймен. 2 рет босандым. Перзентханадан шыққан күні базарға барып келесің ба деп ашуға тиеді. Балаларымды қырқынан шығарамыз ба деп те сұрамайды. Балаға бәрібір тышып қояды көп берме тамақты, сиіп қояды суды көп ішпесін деп сойлейтте отырады. Хоть памперс киіп, үйге бір ретте симеген. Ешқашан ештеңе жақпайды. Күйеуімнің анасы ғой деп декретный ақшама өзіне жеке киім шкафын алып бердім 100 мыңға. Айтқан сөзі "пластмасса ма мынау" дейді, өмірде пластмассадан шкаф корген сияқты. Диван әперсем 80 мыңға "отырсам болама сынып қалмайма қытайдың бәлесі" дейді. Өзінің не диваны жоқ, не шкафы жоқ бола тұра осындай сөздер айтып ренжітеді. Күйеуім жұмыс істемейді. Қай жұмысқа кірсе де шығып кетеді айлығына жетпей. То ұрысады, ерегеседі, тобелеседі. Кейде ойлаймын өзіме киім өзім алсам, балаларымды өзім қамтамасыз етсем, балабақшаға өзім төлесем, азық-түлік те менің мойнымда, жылына 1 рет болсын гүл сыйламаса не үшін жүрмін, не үшін енемнің қылықтарына шыдап жүруім керек деп. Осының бәрі жүйкеме қатты тигені соншалық енемді көрсем қолдарым дірілдейді.Сөйлегімде келмейді, түріне қарағымда келмейді. Атамыз бөлек тұрады, осы мінезінен қашып кеткен шығар деп ойлаймын. Тамақ істеп жатсам картоп қоспа, тоңазытқыштағы салаттың ішінде картоп бар ғой дейді. Адам түсінбейді мінезін. Теледидар көріп отырсаң 1 сағат болды 10 минутқа өшіре тұрайық, қызып кетті демалсын дейді. Содан кейін көргімде келмейді. Әжетханаға шыққан соң суды ағызба шелекпен өлшеп құй дейді" — деп мұңын шақты ару.