Кездесу барысында оқушылар елдің үкімет басшысына роботтардың қалай футбол ойнайтындығын көрсеткен еді, — деп хабарлайды Вести.Ru. Осы кезде 51 жастағы саясаткер Ресей Федерациясының футболдан ұлттық құрама ойыншыларының орнына роботтарды ойнату керек деп қалжыңдады.
"Мен ойлаймын, шынымен біздің құраманың орнына роботтарды қойсақ қайтеді?", — деп келтіреді Мдеведевтің сөзін "Интерфакс".
Сонымен қатар премьер-министрге өзге де роботтық техника көрсетілді.