Дохада Қазақстан елшісі Қатардың бірқатар лауазымды тұлғаларымен кездесті - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дохада Қазақстан елшісі Қатардың бірқатар лауазымды тұлғаларымен кездесті - ҚР СІМ

Дохада Қазақстан елшісі Қатардың бірқатар лауазымды тұлғаларымен кездесті - ҚР СІМ

22-23 ақпанда Қазақстанның Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Асқар Шоқыбаев Қатардың бірқатар лауазымды тұлғаларымен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ. 

  • 24 Ақпан 2015
  • 577
Фото - Caravan.kz


Нақтырақ айтқанда, Қазақстан Елшісі Дінаралық диалог жөніндегі Доха халықаралық орталығының Төрағасы Ибрахим Салех Әл-Наими, ҚМ Уақыфтар және ислам істері жөніндегі министрі Ғайс бен Мубарак Әл-Кауари, ҚМ Энергетика және өндіріс министрі Мұхаммед бен Салех Әл-Сада және ҚМ Орталық банк Төрағасы Шейх Абдалла бен Сауд Әл-Танимен кездесті.

А.Шоқыбаев ҚМ Уақыфтар және ислам істері жөніндегі министрі Ғайс бен Мубарак Әл-Кауари және Ибрахим Салех әл-Наимимен болған кездесуде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2015 жылғы 10-11 маусымда Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V Съезіне шақыру хаты табыс етілді. 

Қатарлық Министр мен Орталық банк басшысы Қазақстан Парламенті Сенаты Спикерінің шақыру хатын алғыспен қабылдады.
Мұхаммед бен Салех Әл-Садамен кездесу барысында А. Шоқыбаев сұхбаттасына Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы, сондай-ақ, халықаралық аренадағы еліміздің жетістіктері туралы хабардар етті. Қазақстандық әлеуметтік-экономикалық салаға тоқтала отырып, Министрге Мемлекет Басшысының «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауынның негізгі бағыттарымен таныстырып, мұнай бағасының төмендеуіне байланысты болып отырған кезекті экономикалық дағдарысқа қарсы Қазақстан Үкіметінің атқарып жатқан шаралары туралы айтып берді.

Мұхаммед бен Салех Әл-Сада Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге және Қазақстанмен мұнай-газ секторындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

ҚМ Орталық банк төрағасымен кездесу барысында ҚР Ұлттық банкі мен ҚМ Орталық банкі арасында байланыс орнатудың қажеттілігі туралы мәселе көтерілді.