Доллар бірден 6 теңгеге арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллар бірден 6 теңгеге арзандады

Доллар бірден 6 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 372,51 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

  • 8 Қаңтар 2019
  • 26
Фото - Caravan.kz

Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 6,64 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға — 372 теңге, ал ең жоғарысы — 374,5 теңге болған. Сауда көлемі 33,55 млн долларды құрады.

Жұма күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 379,15 теңгені, күндізгі сессияда 377,56 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 378,12 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 132,3 млн доллар болды.

Еске сала кетейік, өткен бейсенбіде теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1,82 теңгеге — 383,46 теңгеден 381,64 теңгеге дейін төмендеген, ал жұма күні теңгеге төмендеп, 379,15 теңгені құрады.