Доллардың жаңа бағамы бойынша пара алып жатқан қос полицей ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Доллардың жаңа бағамы бойынша  пара алып жатқан қос полицей ұсталды

Доллардың жаңа бағамы бойынша пара алып жатқан қос полицей ұсталды

Параның көлемі де, девальвацияға ұшырап жатыр. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық полиция бастығының орынбасары мен осындағы бас автоинспектор өз кабинеттерінде 500 доллар пара алып жатып ұсталды. Құлқыны кең полицейлер кезекті клиенттен ақшаны теңгенің жаңа бағамы бойынша есептеп әкелуді талап етіпті.   

  • 18 Ақпан 2014
  • 338
Фото - Caravan.kz


 Пара берген адамға қос майор «Е» санатындағы көлік құжатын емтихансыз  жасап бермек болған. Бұл қызметін олар алғашында 75 мың теңгеге, яғни ескі курс бойынша 500 долларға бағалапты. Алайда, аяқасты болған девальвациядан кейін тәртіп сақшылары параны да жаңа бағаммен әкелуді талап еткен. Кейін 92 мыңды санап алып жатқанда қолға түсті.