Жарияланды: 2400

Дональд Трамп 400 мың долларлық жалақыдан бас тартты

Дональд Трамп 400 мың долларлық жалақыдан бас тартты Сурет - vistanews.ru

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп 400 мың долларлық жалақыдан бас тартты.

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Егер Трамп расында да осылай істейтін болса, онда жалақыдан бас тартқан АҚШ-тың үшінші президенті болмақ. Өткен жылы қыркүйек айында сайлауалды бағдарламасымен Рочестерге келген Трамп “Егер президент болсам, онда айлықтан бас тартамын, келістік пе? Бұл мен үшін маңызды емес” деген еді. Ал осы аптаның басында Трамп бұл сөзін жұртшылықтың есіне тағы бір рет салды.

Ол өзінің бұл әрекеті туралы Твиттер желісінде де жазып қойған. Бұған дейін 1929 жылы сайланған Герберт Гувер және 1961 билік басына келген Джон Кеннеди ғана жалақыдан бас тартқан еді. Екі президент те жалақыларын қайырымдылыққа аударып отырған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін