Донецк пен Луганскідегі референдумды Ресейден басқа ешкім мойындаған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Донецк пен Луганскідегі референдумды Ресейден басқа ешкім мойындаған жоқ

Донецк пен Луганскідегі референдумды Ресейден басқа ешкім мойындаған жоқ

Украинадан іргемізді алыс саламыз деп аттандаған Донецк пен Луганск облыстары кешегі референдумның нәтижелерін жариялады. Оған сенсек, жұрттың 96 пайызы егемендікті қолдапты. Сепаратистердің бұл арандатушылық әрекетіне әзірге тек Ресей оң бағасын беріп отыр. Ал Еуроодақ елдері ресми Мәскеуге қатысты тағы қосымша санкциялар салу мәселесін талқылауда.

  • 13 Мамыр 2014
  • 258
Фото - Caravan.kz

Луганск пен Донецк облыстарының дербестік сұрап дегбірі қашқалы референдум өтеді деген қағаз хабарламалар көше бойлай ілінген. Өтетін жері ретінде негізінен мектептер таңдалыпты. Сепаратистер кеше өткізген сол референдумдарының нәтижесін бүгін мақтанышпен жариялап жатыр. Дауыс беруге келгендердің 96 пайызы Украинаның құрамынан шығуды қолдаған.

-Нам надоела наша власть, наша политика, наша правительство.

Ал Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов болса бұл асыра сілтеген сандар деп салды. Негізінде сайлау учаскелеріне Луганск мен Донецк халқының үштен бірі ғана келген. Және референдум заңсыз, ал оны ұйымдастырғандар қылмыстық жауапқа тартылатынын жеткізді. Бұған дәлел таспа бүгін ғаламторға түсті. Мұнда Орыс ұлттық бірлігі қоғамының көшбасшысы Александр Баршаков Украинадағы референдум ұйымдастырушысымен тілдесуде.Сепаратистер өткізген референдумға Ресейден басқа ешбір ел әзірге бағасын берген жоқ. Ал Кремльдің оларды қолдайтыны айтпаса да түсінікті.


Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі:

-Батыс елдері Украинадағы жағдайды жақсы біледі. Тұрақсыздыққа әкелген жайттарға негізінен айыпты солар. Бірақ барлығы бірігіп жауапкершілікті Ресейге арта салмақ. Ал өткен референдумның нәтижелерін бізді заңды деп санаймыз.

Ал ОБСЕ төрағасы референдумды арандатушылық деп атады. Қазір Брюссельде Еуроодақ Сыртық істер министрлері осы Украинадағы жағдайды талқылап, сепаратистерді қолдап отырған Мәскеуге қарсы қосымша санкциялар қабылдау мәселесін талқылауда.