Бұл туралы дүйсенбіге қараған түнгі баспасөз мәслихатында Донецк халықтық республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Роман Лягин мәлім етті.
Оның айтуынша, дауыс берушілердің 10,19 пайызы бұған қарсы шықса, бюллетеньдердің 0,74 пайызы жарамсыз болып қалған. Донецк тағдырын шешетін референдумға халықтың 75 пайызы қатысыпты.
Бұл ақырғы нәтиже, деді Р.Лягин. ОСК референдумның ресми нәтижесін бүгін жариялайды.


