Бұл туралы Донецк облыстық мемлекеттік әкімшілік хабарлады.
«Донецкіде Засядько шахтасынан тағы 23 кеншінің мәйіті табылды. Бұған дейін тағы 9 адамның мәйіті табылған, тағы біреуі таңертең қайтыс болды. Барлығы 33 адам құрбан болды», — деп Донецк облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі кеше таңертең Твиттердегі парақшасында мәлімдеген.
Бұрын хабарланғандай, Засядько шахтасында сәрсенбі күні таңертең сағат 5:20-да газ бен метан қоспасы жарылған. Жарылыс кезінде жер астында 230 кенші болған.
Киевке бағыныңқы емес аумақта орналасқан Засядько шахтасы Украинадағы коксты көмір шығаратын ірі кеніштердің бірі.