Донецкіде атыс қайта өршіді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Донецкіде атыс қайта өршіді

Донецкіде атыс қайта өршіді

Атысты тоқтату тура келіссөздің өткені кеше, ал бүгін сол Украинаның шығысындағы қантөгіс қайта өршіп жатыр. Тек бір түннің өзінде 8 әскери мен 3 бейбіт тұрғын оққа ұшқан.

  • 14 Ақпан 2015
  • 326
Фото - Caravan.kz

Кескілескен ұрыс Девальцева қаласында жүріп жатыр. Сепаратистер жексенбіге дейін Донецк пен Луганск арасын бөліп тұрған осы шаһарды басып алмақшы. Өйткені, Минскдегі кешегі келісімге сәйкес, дәл осы күні екі тарап та оқ атуды доғаруы тиіс. Жаңбырша жауған оқ қала ішіндегі тұрғын үйлердің түгін қалдырмай қиратқан. Девальцева қос тарап үшін де стратегиялық маңызды. Өйткені, ең ірі темір жол торабы Донецкінің нақ осы аймағынан өтеді. Қала қазір әскерилердің бақылауында.