Донецкіде билік жақтастары мен ресейшіл топтардың арасындағы төбелес өліммен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Донецкіде билік жақтастары мен ресейшіл топтардың арасындағы   төбелес өліммен аяқталды

Донецкіде билік жақтастары мен ресейшіл топтардың арасындағы төбелес өліммен аяқталды

Украинада тағы қақтығыс. Бұл жолы елдің шығысындағы Донецк қаласында билік жақтастары мен ресейшіл топтар жаға жыртысқан. Жергілікті тұрғындардан құралған бейбіт шеруге кенеттен Ресейге қосылуды ұрандатып жүргендер лап қойыпты. Қақтығыс кезінде 2 адам өлді. 

  • 15 Наурыз 2014
  • 308
Фото - Caravan.kz

Төбелесті тіпті, қаптаған тәртіп сақшылары да тоқтата алған жоқ. Қарсыластар бір-бірін таспен атқылаған. Осылайша, небәрі бірнеше минуттарда қала орталығы қанды ұрыс алаңына айналды. Ескерту ретінде ауаға оқ та атылды. Алайда, арматура және пышақпен қаруланған билік жақтастары мен ресейшіл топтар бір-бірін аяған жоқ. Қақтығыста 2 жігіттің қарны жарылып, ауруханаға жетпестен жантәсілім етті. Тағы жүздеген адам ауыр жараланған.



-Донецк – Украинаның жері!!!