Допты хоккейден Қазақстан құрамасы Швецияға есе жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккейден Қазақстан құрамасы Швецияға есе жіберді

Допты хоккейден Қазақстан құрамасы Швецияға есе жіберді

Қазан қаласында допты хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кеше Швеция командасымен айдынға шықты.

  • 26 Қаңтар 2011
  • 406
Фото - Caravan.kz

Әлем чемпионы атағын әлденеше рет жеңіп алған шведтердің басымдылығы бірден байқалды. Сөйтіп олар ойынның алғашқы кезеңінде жауапсыз бес доп соқты. Есесіне екінші таймда қазақстандықтар допқа басымырақ иелік етті. Рауан Исалиев, Ескендір Нұғманов сынды жас ойыншылар да айдынға көбірек шықты. Сөйтіп бұл тайм 2:2 есебімен тең аяқталды. Қорытынды есеп — 2:7, шведтердің пайдасында. Алдыңғы екі ойында қазақстандықтар дәл осындай есеппен Норвегия, АҚШ құрамаларын ұтқан болатын.

Қазақстандықтар Финляндия, Ресей құрамаларымен кездесулерін өткізгеннен кейін жартылай финал ойындарына қатысады. Жартылай финал ойындары алдағы сенбіге белгіленсе, шешуші бәсекелер жексенбі күні өтеді.